Иран студенттері елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы және еркіндіктің шектелуіне байланысты президент Хасан Руханиге ашық хат жолдады. Бұл туралы Ирандағы Адам құқығы еріктілер агенттігінің таратқан мәліметіне сілтеме жасай отырып, IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Хабарда ел көлемінде ұйымдастырылған шарада студенттер мен ақпарат өкілдері белсенділік танытқаны айтылады. Президенті Хасан Руханиге жазылған ашық хатта, оның президент сайлауы кезінде берген жоғары оқу орындарындағы еркіндік көлемін кеңейту туралы уәдесін орындамағаны туралы айтқан.
Ашық хатқа 5000 студенттің қолы қойылған. Олар президенттің ел экономикасын жақсарту туралы сайлау кезіндегі уәдесіне де баса назар аударатынын айтқан. Әрі, жұмысшылар, мұғалімдер және өзге де мемлекеттік қызметкерлердің жағдайының тым ауыр күйде екенін айтқан. Сондай-ақ, ел байлығының әділетті бөліске салынбағанын атап көрсетеді. Елдегі экономикалық жағдайларды оңауға үкімет тарабынан жұмыс істелмей отырғанын сынға алған.
Иран студенттерінің ашық хатында, үкімет пен халық арасындағы сенімділіктің азайып бара жатқанын, атқарушы биліктердің халық жағдайымен санаспай отырғанын алға тартады.
Бұл туралы ел президенті ресми мәлімдеме жасамады. Иранның ресми ақпараттық сайттары да бұл туралы мәлімет таратпады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?