АҚШ Мемлекеттік департаменті Уашингтонда өткен жиында Ресей мен Украина арасындағы жағдайды талқылады. Жиында айтылған мәселелер туралы ресми www.state.gov сайтына жарияланды.
Департамент өкілі: «Уақыт өткен сайын Ресейдің қате әрекеттері артып келеді. Ал біздің тарап соған сай қатаң шаралар қабылдайтын болады. Егер Ресей НАТО мен АҚШ-тың ескертуіне құлақ аспайтын болса, біз шығындарды, санкцияларды ұлғайтуды жалғастырамыз. Олар Украина экипаждарын босатып, кемелерді қайтаруы керек. Солай жасауға міндетті», – деп мәлімдеді. Жиында Украина мен Грузияның аумақтық тұтастығы, егемендігін қолдау туралы ұсыныстар қарастырылған. Сондай-ақ Құрама Штаттар сыртқы аумақтық қақтығыстарға және ресейлік агрессияға қарсы екендігі айтылды.
Сессия барысында Керчь бұғазындағы оқиғаға ерекше назар аударылды. АҚШ ресейлік агрессия актісін айыптап, Қырым аннексиясы мен Украинаға бағытталған жағдайларды мысалға алды. Керчь бұғазындағы ресейлік әскери эскалация халықаралық құқық пен Украина бостандығын бұзу деп атап өтті.
Осыған дейін Құрама Штаттары Германияға «Солтүстік ағын – 2» газ құбырының келісімін қайта қарауды ұсынған. АҚШ «Еуропаның Украинаны айналып өтетін газ инфрақұрылымы көп болған сайын Ресейдің әскери агрессиясына төтеп беру қиындай түседі» деп санайды. Шығыс пен Орталық Еуропа елдері де құбыр құрылысының жалғасуына түбегейлі қарсы, өйткені бұл өз аумағы арқылы Ресей газының транзиті үшін салық ала алмайтын Украинаға көп көлемде зиян келтіреді. Уашингтон бұл газ құбыры алдағы он жылдықтарда Германияның Ресейге энергетикалық тәуелділігін арттырады деп санайды.
Еске сала кетейік, 25 қарашада Ресей арнайы жасағы Азов теңізінде Украина әскери теңіз күштеріне тиесілі үш бірдей кемеге шабуыл жасап, басып алған болатын. Осыдан кейін Украина қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, ел президенті Петр Порошенко соғыс жағдайын енгізген. Екі ел арасындағы текетірес НАТО мен ЕО елдерін және АҚШ-ты бей-жай қалдырған жоқ. НАТО Ресейден Украинаның аумақтық тұтастығына құрметпен қарауды талап етсе, Уашингтон Мәскеуді «агрессорлық мемлекет» деп айыптады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі