Бүгін АҚШ-та, кәсіби боксшылардың орта категориядағы салмақ бойынша, қазақстандық Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиспен рингке шықты. Қанат Ислам – WBO International және WBA Federation чемпионы – АҚШ-тағы Делавор штатындағы Уилмингтон қаласында өткен, кәсіби бокс алаңында қарсыласын бірінші кезеңінде нокаутпен жығып, тағы бір мәрте жеңімпаз екендігін дәлелдеді.
Жоспар бойынша, аталмыш жекпе-жек 10 раундтан тұру керек. Бірақ Қанат қарсыласын бірінші кезеңінде-ақ жайратқан. Айта кетейік, жерлесіміз алғашқы минуттарда көзінен қатты соққы алса да, жекпе-жегін жалғастырды.
32 жасар спортшымыз кәсіби бокс алаңдарында 2012 жылдан бері сынға түсіп келеді және осы уақытқа дейін әрбір жекпе-жегінен жүлдесіз қалмаған. Бұл – оның 23-ші ойынынан алған 23-ші жеңісі (нокаутпен құлатқан 15-ші жеңісі).
«The Qazaq Times»


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады