Ресей бокс Федерациясының Бас хатшысы Омар Кремлев UFC-дің жеңіл салмақтағы абсолютті чемпионы Хабиб Нұрмағамедов пен бокстан 12 дүркін әлем чемпионы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады.
Омар Кремлевтің сөзінше, аталған кездесу келер жылдың жазында Мәскеудің «Лужники» стадионында өтуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл жекпе-жектің құны да тым жоғары болатындығын тілге тиек етті. Себебі, сырттан келетін бай көрермендер стадионға билет алып, Ресейге көп пайда әкеледі деп отыр. Бұдан бөлек, аталған кездесудің құны шамамен 1 млрд АҚШ долларына бағалануда.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық боксшы Флойд Мейвезер бокс ережесіне сай рингке шығуға ниетті. Ал, Хабиб Нұрмағамедов бұған дейін октагонда да, рингте де жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеген болатын.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады