Қырғызстанның Жоғарғы Кенеш отырысында депутат Дастан Бекешев Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақ елдерінің азаматтарына елге визасыз кіру мүмкіндігін беруді ұсынды.

Қазіргі таңда аталған жүйеге сәйкес 45 елдің азаматтары Қырғыз еліне визасыз кіре алады. Енді оның санын 55-ке жеткізу көзделіп отыр.

Елдің Бас Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі мен Ішкі Істер Департаменті Қырғызстанның ішкі қауіпсіздігін сақтау мақсатында кестедегі уақытты 2030-шы жылға дейін емес, 2025-ші жылға дейін шектеу керектігін мәлімдеді. Алайда, Бекешев қауіпсіздік қызметіне тұрғындарды үркіте берудің қажеті жоқ екендігін ескертті.

«Қауіпсіздік қызметі әрқашан осылай айтады, қандай жағдай болуы мүмкін? Ешқандай жағдай болмауы да мүмкін. Бұдан бұрын ең алғаш осы заңды қабылдар кезде де аталған өкілдер бас тартқан болатын. Алайда, депутаттар заңды қабылдады және ештеңе де болған жоқ. Егер бізге террористер кіргісі келсе, оларды ештеңе де тоқтата алмайды», деп депутат өз пікірін білдірді.

Алайда, Қырғыздың БҰҚҚ алдымен қысқа уақытқа қабылдап, кейіннен ұзартуды сұрады. Себебі, қауіптің алдын алу оңайырақ болады дейді.

“The Qazaq Times”