Мұхаммед бин Салман неміс қоғамындағы өз беделін жақсарту үшін Германия Федеральды Республикасының WMP имиджді жақсарту компаниясының қызметіне жүгінген. Бұл туралы Bild am Sonntag басылымы мәлімдеп отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған компаниямен келісім 2015 жылы басталған. Онда Мұхаммед бин Салман сапалы реформатор ретінде халықтың есінде қалуы тиіс еді. Алайда, жақын уақытта журналист Жамал Хашоггидің қазасынан кейін, оның тарихи мансабында "қолы қанға боялған тақ мұрагері" деген жаңа  лақап ат енген болатын.

Сонымен бірге, WMP компаниясы мен Эр-Рияд арасындағы келісім құны жүз мың еуродан асатыны да газет бетіне жаряланған.

WMP имиджді компаниясы тақ мұрагерінің абыройын арттыру үшін  журналистика, саясат және германияның спорттық аймақтарында белсенді түрде жұмыстар атқарып келген.  Алайда, бір оқиғадан кейін оның тек оппозициялық жақтасын айуандылықпен ажал құштырғаны ғана емес, сонымен қатар ханзаданың арқасында көптеген балалар аштықтың зардабын шеккендігі де әшкере болып отыр.  Қазіргі таңда Сауд Арабия билігі тақ мұрагерін тез арада ауыстыру жұмыстарымен айналысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Хашогги 2 қазанда Ыстамбұлдағы Сауд Арабия консулдығында ізім-ғайым жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң марқұмның дене бөлшектері қала маңынан табылды. Өткен аптада Сауд Арабиясы Хашоггиді консулдықта «қылқындырып өлтіргенін» мойындап, халықаралық қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады. Бұл тарап «Хашогги ісіне» қатысы бар он сегіз адамды тұтқынға алды және жоғары шенді бес кеңесшіні лауазымынан айырды. Сондай-ақ, тақ мұрагері Мұхаммед Салманның да орынын босатуы әбден мүмкін.

"The Qazaq Times"