Йеменде 8,6 миллионнан астам бала ауыз судың зардабын шегуде. Бұл туралы БҰҰ-ның балалар қоры мәлімдеп отыр.
20 қараша күні Бүкіләлімдік денсаулық сақтау ұйымы Йемендегі 80 пайыз жасөспірімнің гуманитарлық көмекке зәру екендігін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, антисанитарлық тазалықтың дұрыс болмауынан тырысқақ дертіне шалдыққандар саны да күн санап артуда. Дәл осындай ауыр жағдайды бағамдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры әрбір 10 минутта бір жастың өмірі қиылып жатқандығын да ескертті.
2014 жылдан бері басталған Йемендегі қарулы қақтығыс үш жақтың тартысына айналды. Бір жағында шиіттік «Ансаруллах» қозғалысы болса, екінші жағынан елден қашқан Әли Абдуллах Салахтың жақтастары қақтығысуда. Сонымен қатар, қазіргі Йемен басшысы Абдураббу Мансуру Хадидің билікті ұстап қалуға деген талпынысы да қарапайым халықтың һалін мүшкілдетіп жіберген.
Берекесі қашқан Йемен елінен бүгінде үш миллионға жуық адам туған жерін тастап қашқындар қатарына енсе, тағы бірнеше миллион тұрғынның ауыз суға зар болып, санитарлық тазалыққа қолы жетпей отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?