Қытайдың вице-премьері Лю Хы келесі аптада Германияға сапарлай барып, 8-ші кезекті Қытай-Еуропа форумының Гамбург саммитіне қатысады. Сарапшылар, бұл Қытай билігінің Құрама Штатпен сауда соғысында өз мүдделерін қорғау мақсатында жасалған қадам деп қарайды.
2004 жылы басталған Еуропа-Қытай форумы Гамбург саммиті екі жылда бір рет өтіп келеді. Содан бері бұл форум Қытай мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынасты реттеу, түсіністікті тереңдетуге жәрдемдесу, Қытай мен Еуропаның саяси, экономикалық және академиялық жетекшілер арасындағы және тараптардың жоғары деңгейдегі кездесулері мен алмасуларына жол ашып келеді.
Осы айдың соңында, Аргентинада өтетін G20 саммитінде АҚШ президенті Трамп пен Қытай басшысы Ши Жинпиң арасында жоғары деңгейдегі кездесу жоспарлануда. Трамп-Ши саммиті қарсаңында Ши Жинпиңнің экономикалық кеңесшісі Лю Хының Германия сапары әлем ақпарат құралдарының назарын өзіне аударды.
Қазір АҚШ-Қытай арасындағы сауда қақтығысы күшейе түсуде. Оған қоса, Трамп-Ши кездесуде екі жаққа ортақ тиімді келе алатынына ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да, Қытай биліні Еуропа елдерімен қарым-қатынасты күшейту тырысуда. Әсіресе, биыл бұл бағытта Бейжің билігі барын сала тырысып бақты.
Құрама Штат президенті Трамп Германияны АҚШ-пен ұзақ мерзімді сауда келісімін қамтамасыз етпеді деп сынға алды. Егер Трамп Германияның АҚШ-қа бағыттаған экспортына тарифтер енгізетін болса, онда бұл неміс экономикасына үлкен соққы болады деген болжамдар бар.
Алайда, мына бір мәселені ескеруге тура келеді. Германия да АҚШ-қа ұқсас, Қытайдың әділетсіз сауда саясаты мен зияткерлік меншік құқығын ұрлау әрекеттеріне қатты наразы. Сондықтан да, Қытай экономикасын ашық нарықтық экономика ретінде мойындамаған елдер қатарында қалды. Сонда да, АҚШ-Қытай арасында сауда соғысы басталғаннан бері Германия тарабы таңдау жасаудан бас тартып келді.
Қытай төрағасының экономикалық кеңесшісі, үкімет басшысының орынбасары Лю Хының Германия сапарында Берлинді Қытаймен сауда байланысын кеңейтуге көндіруге тырысары хақ. Бұл Қытайдың АҚШ-пен сауда соғысындағы теңселген экономикасын сақтап қалу үшін Еуропаға қарай барынша бет бұрып отырғанын түсіндіреді.