Еуропа Одағы Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі Федерика Могерини Франция президенті ортаға салған «Еуропа армиясын» құру ісін қолға алып жатқандарын мәлімдеді.
ЕО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Бельгияның орталық қаласы Брюссельде бас қосты. Қорғаныс өкілдері мен сыртқы істер министрліктерінің кеңесінен кейін жасалған мәлімдемеде «Еуропа армиясын» құру істері қолға алынғаны белгілі болды.
Могеринидің айтуынша, Еуропа елдерінің қорғаныс саласындағы талпыныстары НАТО өңірдегі атқарған жұмыстарымен үйлестіру басты мақсат етілген. Себебі, Еуропа армиясы құрылып, ол ЕО-ға мүше елдердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алғанға дейін, аталған одақ НАТО-ның қорғауынан қол үзе алмайды.
Осыдан бұрын НАТО бас хатшысы Столтенберг «Еуропалық армия» НАТО-ға балама күш бола алмайтынын айтқан. Яғни, ол Еуропа қауіпсіздігі ұзақ уақытқа дейін НАТО-дан қол үзе алмайды. ЕО тарабы «Еуропалық армия» құру НАТО-ның бұндағы атқарған жемісті қызметін тіпті де толықтыра түседі дегенді алға тартуда.
«Біз Еуропа армиясын құруға талпынып отырмыз. Алайда, бұл жерде ешкім бұл туралы сөз қозғамай отыр. Мүше елдердің өңірде және әлемдегі қауіпсіздікті сақтауда тіпті де көп мүмкіндіктерге жетуі үшін инвестиция салуымыз керек», – деді Федерика Могерини.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау