Бонгок қаласында, Тай полиция қызметкері ақша ұрлады еген күдікпен іздеу салынған сопыны іздеп ғибадатханаға көлігімен басып кірген. Бұл туралы  bbc.com хабарлайды.

Wat Dhammakaya ғибадатханасы бұрын әскери бақылауда болған. Рухани көсем, болжам бойынша, жасырынып жүр.

Өткен жылғы маусым айында Phra Dhammakaya-ға (рухани көсем) Бангоктағы ғибадатханада үлкен ұрлық жасады деген күдікпен іздеу жарияланған. Бірақ оның жақтаушылары барлық жерде кедергі болған.

Бейснебі күні рухани көсемін жақтаушылар ғибадатхана алдында құлшылық етті. Фото: bbc.com

2016 жылы, 72 жастағы  Phra шенеуніктермен, т.б. адамдармен кездесуге бара алмай, қатты ауырып жатқандығын айтып, ғибадатханада бірнеше ай жатқан. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған.

Өткен бейсенбіде  4000-ға жуық полиция қызметкерлері мен солдаттар ғибадатхананы және оған апарар жолдардың барлығын қоршауға алды. Арнайы тексеріс басшысы (DSI) – Col Paisit Wongmaung: «Егер өзін кінәсізбін деп есептесе, шығып, сот процесіне қатысып, өзін ақтап шығуы керек», – дейді.

Еске сала кетейік, Тайланд 2014 жылы орын алған мемлекеттік төңкерістен кейін, арнайы әскери бақылауға алынған.

«The Qazaq Times»