Франция президентінің Эммануэль Макрон алға қойған және қазір ЕО елдерінде қызу талқыдағы Еуропа армиясын құру туралы бастамаға, НАТО бас хатшысы өз пікірін білдірді. Йенс Столтенберг Германия басылымдарының біріне берген сұхбатында аталған «Еуропалық Армияның» НАТО-ға балама бола алмайтынын айтты.
Ұйымның бас хатшысы Столтенберг сөзінде: «Еуропаның бұл талпынысы мені қуантады. Бұл НАТО-ның жүгін жеңілдетеді. Ең маңыздысы Еуропаның қорғаныс қуатының бөлшектенуден сақтап қалар еді. Дегенмен, Еуропа армиясының болуы НАТО-ға альтернатива емес», – деді.
Кезекті сұхбатында Столтенберг Еуропа армиясын құру бастамасының НАТО-ға Еуропа қанатын күшейтуді ескертумен бірдей екенін растайды.
Француздың жас президенті алға қойған бастама, НАТО-ға өз ықпалын тигізуі мүмкін. Қазір НАТО сынды алып қорғаныс ынтымақтастығын үлкен өзгерістер күтіп тұрғаны анық байқалады. АҚШ тағына Трамп келгеннен бері, НАТО-ға Уашингтонның қабағы бұрынғыдай болмай қалды. Трамп үкіметі Еуропа мен өзге өңірлердегі елдердің қауіпсіздігіне көбірек керекті ұйымға, Құрама Штаттың артығымен қаржы бөлуін әділдік деп санамады.
Құрама Штат өзінің Тынық мұхиттағы әріптесі Қытаймен туылуы ықтимал қақтығысқа назар аударуы керек деп тапты. Ал, құрамында соншама көп елдің болуы да бұл ұйымның жауапкершілігі мен қызметін ауырлата түсті. Әрі, Ресейден төнетін қауіп пен терроризм қаупі Еуропаның ұйқысын бұзуда. Еуропалық армия құру бастамасының көтерілуіне де бұл негізгі себеп болды.