Америкалық аналитикалық орталықтардың бірі Солтүстік Кореядан басқарылмалы зымырандарды жасыруға қабілетті кемінде 13 жасырын базаның бар екенін анықтады. Сарапшылардың айтуынша, бұл Құрама Штаттың Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға көндіруге бағытталған жұмыстарының сәтсіздігін аңғартады.
Естеріңізде болса, биыл маусым айында Трамп-Ким арасындағы тарихи келіссөз кезінде Солтүстік Корея басшысы ядролық қарудан біртіндеп бас тартатынын мәлімдеген еді. Сол кездесуден кейін Трамп: «Ол (Ким Жоң Ун) Солтүстік Кореяға қайтып барғаннан кейін ядролық қарудан бас тарту процесін бастайды деп ойлаймын», – деген болатын.
Содан бері 5 ай уақыт өтті. Жақында ғана Уашингтондағы Стратегиялық және халықаралық байланыстар жөніндегі зерттеу орталығы Солтүстік Кореяда кемінде 13 жерде жасырын зымыран операциялар базасы бар екенін анықтап отыр. Оның үстіне жасырын базалар демилитаризацияланған аймаққа жақын орналасқан. Бұл осы уақыт ішінде Ким Жоң Ун ядролық қарудан бас тарту процесінің орнына, баллистикалық зымырандарды дамытуды жалғастырғаны дәлелдегендей.
Аталған америкалық орталықтың айтуынша, Солтүсті Корея баллистикалық зымыран бағдарламасына көп уақытын, қаржысын және ресурстарын жұмсады, әрі олар бұны стратегиялық күш деп қарайды. Сонымен бірге, олар үшін бұл болашақ Оңтүстік Корея немесе Американың әскери шабуылын болдырмайтын күш есептеледі.
Трамп-Ким саммитінен кейін, кейбір диалогтарды есепке алмағанда, тараптар тікелей ядролық қарусыздандыру процесіне жұмыс алып бармады. Солтүстік Корея ядролық сынақ полигонын бұзғанын мәлімдеді. Алайда, кейін ресми мәлімдемесінде, бұл базаның ендігі жерде керегі жоқ екенін де айтқан. Алайда, Солтүстік Корея зымыран сынақ алаңдары мен базаларын жоюда белсенділік танытпады. Осыған қарамастан екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихтағы ең жоғары деңгейге дейін дами берді.
Солтүстік Корея мәселесімен айналысқан шетелдік эксперттердің көбі, Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандардан бас тартпайтынын кесіп айтады. Бұрынғы АҚШ дипломаттарының пікіріне қарағанда, Құрама Штат үкіметі Солтсүтік Кореяда көптеген жасырын зымыран базаларының бар екенін, олардың зымыран бағдарламасын жалғастырып отырғанын бұрыннан білген.
Панжумоңдағы үшжақты келіссөздердің нәтижесіне қарамастан, АҚШ президенті Солтүстік Кореяның бейнесі жақсы деп бағалаған болатын. Ол және Ким Жоң Унмен екінші реткі кездесу кезінде, бұл мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік болатынын айтқан. Помпео бір реткі мәлімдемесінде, президент Трамп өзінің екінші өкілетті мерзімінен бұрын Солтүстік Кореямен ядролық қарусыздану келісіміне келуді мақсат ететінін айтқан.
Алайда, бұл барыста да жақында өзгерістер туылды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео мен Солтүстік Корея жоғары лауазымды өкілі Ким Яң арасындағы келіссөз соңғы сәттерде тоқтатылды. Оның үстіне тараптар бұл туралы ешқандай түсінік бермеді. Кейбір елдердің ақпарат құралдары, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы диалогтар дағдарысқа ұшырады деп те бағалады. Ал, соңғы кездері америкалық басылымдар келіссөздің тоқтатылуы Солтүстік Кореяның жасырын зымыран базаларына байланысты деген пікірлерді айтты.