Ауа ластануының ғаламдық жаңа қортындысына қарағанда, Үндістандағы ауаның ластануы жедел артып, Қытайдағы ауаның ластануынан асып түскенін, соның салдарынан жылына миллионнан астам адамның көз жұматынын мәлімдеді. Үндістан қазір әлемдегі ауаның ластануынан адамдардың қаза болу салыстырмасы ең жоғары ел болып саналады. Бұл туралы “The New York Times” басылымы хабарлайды.
Аталған қортындыны Бостондағы Ауаның ластануының адам денсаулығына әсерін зерттеу мекемелері – Денсаулық эффектісі институты (Health Effects Institute) және Сиэтлде халықтың денсаулығын зерттеу орталығы (Денсаулық статистикасын бағалау институты - Institute for Health Metrics and Evaluation) бірлесе шығарып отыр. Бірнеше жылдан бері қауіпті аэромобильді бөлшектерден Қытайда адамдардың мезгілсіз өлу салыстырмасы жоғары болып келген. Сейсенбі күні жарияланған бұл қортындыдан Үндістандағы ауаның ластануынан адамдардың қаза болу салыстырмасы күрт жоғарлағанын көруге болады.
Мәліметтер бойынша, Үндістанда ауадағы қауіпті аэромобильді бөлшектерден қаза болатындар саны, 1990 жылдан 2015 жыл аралығында 50 пайызға көбейген. Зерттеушілердің айтысынша бұл үндістандықтар үшін аса ауыр соққы деп бағалауға болады екен. Британдық Коломбия университетінің Адам денсаулығы мен қоршаған орта байланысы институтының профессоры Майкл Брауэр тілшінің телефонын қабылдағанда: « Үндістанда жедел индустрияландыру жүріліп жатыр. Халық санының артуымен бірге қарттануы да ауырлады. Бұндай ерекшеліктегі халық құрамы ауаның ластану әсеріне оңай ұшырайды», – деген пікірін білдірді.
Зерттеу қортындысына сәйкес, Оңтүстік Азия және басқада оңірлердегі ауаның ластануы ауырлған кезде, Америка және Еуропадағы ауаның ластануы жақсарды. Бұл сол елдегі жарақсыз шығарындыларды азайту саясатынының жемісі деуге болады. Елдердегі ваб-сайттарда ауаның ластануы мен халықтың денсаулық көрсеткішінің ашық жариялы болуы да сол елдегі өндіріс орындарына әсер етеді.
1990 жылдан бері АҚШ Ортаны қорғау нормативтері мен Еуропалық комицияның жасаған шаралары қауіпті жарақсыз бөлшектердің ластауын тежеуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. Айталық, америкалықтардың жылдық жарақсыз қалдықтарды шығару салыстырмасы 27 пайызға азайған. Тұрмыстық тұтынудан қалған жарақсыздарды өңдеп пайдалану нәтижесінде, жарақсыздардың қоршаған ортаға шығарылуы азайған. Дегенмен, 8,8 пайыз америкалық пен 25,8 пайыз еуропалықтардың шығарған жарақсыз қалдықтары, адамдарды мезгілсіз өліміне себеп болады.
Откен ғасырдың соңынан бері дамушы елдердің өндірістік-кәсіп орындарынан шығатын жарақсыз қалдықтардың тежеусіз кетуінен Шығыс, Оңтүстік-Азия елдеріндегі ластану күрт артты. Қытайдағы қоршаған ортаның ластануын тежеу үшін қайта өңдеу ісін барынша дамытуда. Айталық жылына неше миллион тонналаған жарақсыз қалдықтарды жинап алып, қайта өңдеуге жіберіледі. Үндістанда ауаның ластануы туралы әлі де мемлекеттік тұрақты саясат қабылданбаған. Тек мерекелерде ел астанасы Жаңа-Делиде отшашу ату мен сатуға шектеу қойған. Халықты орта қорғауға бағыттау да әлсіз жүріліп жатқанын Үндістан Жоғары сотының адуакаты Гопал Санкаранараянан (Gopal Sankaranarayanan) айтады. Тағы да толып жатқан себептермен Үндістан халқының жылына 1 млн 100 мың адамы қаза болуда.
“The Qazaq Times”