Мәскеудің Еуропа Кеңесінен шығуы қарапайым ресейліктерге зиянын тигізеді.
Еуропа Кеңесінің төрағасы Турбьерн Ягланд Финляндияға жасаған сапарында: «Ресейдің Еуропалық Кеңестен шығуы бірінші кезекте қарапайым ресейліктерге зиянын тигізеді. Еуропалық Кеңестен шығу бұл Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотын және заңдарын мойындамауға алып келеді. Біз Brexit-ке қоса Ruxit проблемаларына тап боламыз. Бұл өз кезегінде Ресей мен Еуропадағы адам құқығы мәселелерін қиындатады» - деп мәлімдеді.
Бұған дейін Ресей Федералды Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко «Еуропалық Кеңес өзіне мүше 47 мемлекеттің барлығына тең құқық беруі тиіс. Өйтпеген жағдайда Ресей Кеңестен шығады» - деген.
Ресей Қырымды аннексиялағанан кейін Еуропалық Кеңес парламенттік ассамблеясы ресми Мәскеудің ұйымдағы құзыретіне шектеу қойған. Кейіннен Ресей билігі Еуропалық Кеңес отырысына қатысудан бас тартқан. 2019 жылдың маусым айына дейін ресми Мәскеу ұйымда қалатынын немесе шығатынын нақты айтуы тиіс.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?