«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының содырлары Тәжікстандағы түрмелердің бірін «қанға бояды».

Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд қаласында орналасқан түзету мекемесінде болған бүлік салдарынан екі офицер, бір калония қызметкері мен арнайы жасақ сарбазы және 25 жазасын өтеуші көз жұмды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бүлікті «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының құрамында болған сотталушы бастаған. Ол қарауыл автоматын тартып алып, күзет әкімшілігіне қарата оқ жаудырып, калонияның бір корпусын басып алған. Кейіннен Согди облысының Ішкі істер департаментіне қарасты арнайы жасақ қызметкерлері бүлікті басып, түрме ғимаратын күшпен алған.

Қазіргі таңда оқиға орнында Тәжікстан әділет министрлігінің арнайы комиссиясы жұмыс істеуде.

"The Qazaq Times"