Өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы сынақтарда таралған уран қалдықтары ескерусіз қалып, қорқынышты апаттардың қаупімен өңірді алаңдатуда. Халықаралық ұйым уран қалдықтарын залалсыздандыруға қаражат топтауда. «Еуропа Реконструкция және дамыту банкі» Лондон қаласында Орталық Азиядағы уран қалдықтарының зардаптарын жоюды тақырып еткен арнайы конференция ұйымдастырды.
Осыған дейін, яғни 2015 жылы, аталмыш банкпен Еурокомиссия арасында Орталық Азиядағы уран қалдықтарын жою, залалсыздандыру бойынша арнайы фонд құрылып, есеп ашылған еді. Жоба Орталық Азияны (Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінде) қамтиды және 85 млн еуро жұмсалады деп болжанған. Бұған ЕО 16,5 млн, Норвегия 600 мың еуро қаражат аударды. Алайда, конференция кезінде жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 70 млн еуро қаржы керек делінген.
Биыл мамыр айында, Еуропа парламентінің өкілдері осы мәселе бойынша, Қырғызстанның уран қалдықтары сақталған аймақтарына барды. Осы сапардан кейін олар ең алдымен істелетін жұмыс, уран қалдықтары сақталған аймақта жасайтын адамдарды мәліметтермен қамтамасыз ету керек деп шешкен. Бұл мәселе бойынша қырғыз билігі де тұрақты жұмыстар алып барып жатқанын айтады. Елдегі уран қалдықтарын залалсыздандыруда Қырғызстан шетелдік қаражатқа көбірек сүйенеді.
Оның үстіне Қырғызстанның Майлы-су жері Орталық Азия елдері арасында уран қалдығы ең көп таралған аймақ болып саналады. «Қырғи-қабақ соғыс жылдарында» екі бірдей гидрометаллургиялық завод 22 жыл бойы уран өндірген. Суға жақын топырақ қабатына көмілген уран Ферғана облысына үрей тудырып келеді. Мұндағы туылуы мүмкін апаттың шарпитын аумағы да орасан зор. Бұған дейін халықаралық ұйым осы маңда ең қауіпті деген орындарда залалсыздандыру жұмыстарын да жүргізген.