Ауғанстанның Фарах провинциясында жоғары лауазымды тұлғалар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапқан. Бұл туралы Фарак провинциясының ресми мәліметіне сілтеме жасай отырп, ауғанстандық телеарналар хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, таулы Анар-Дара аймағында әуеге көтерілген тікұшақ бірнеше минуттан кейін апатқа ұшыраған. Тікұшақтың құлауына нашар ауарайы себеп болған. Қаза болғандар арасында Ауғанстан батыс аймақтық әскери қолбасшысының орынбасары және Фарах қаласының Мәжіліс төрағасы да бар.

Осыдан сәл ғана бұрын, Ауғанстанның орталық қаласы Кабулда жанкешті жасаған жарылыста 7 адам қаза тапқан болатын. Кабулдағы жарылысты елдегі ДАИШ ұйымы өз мойнына алған. Көлікке орнатылған бомбамен жасалған жарылыста 8 адам зардап шеккен.

“The Qazaq Times”