Түркия Сүриядағы әскери операциясының екінші кезеңін бастады.

Қазан айының 30-ы күні Түркия президентінің ресми сайтында Режеп Тайып Ердоғанның Сүрия дағдарысына қатысты мәлімдемесі жарияланды.

Онда: «Анкара Ефрат өзенінің солтүстігіндегі террорлық топтардың көзін жоюға арналған әскери дайындығын аяқтады. Біз өзіміздің бақылаумыздағы аймақтарды лаңкестердің қолына бермейміз. Түркия Ефрат өзенінің бойындағы террорлық топтарды толығымен талқандайды» - делінген.

Бұған дейін Түркия армиясы сүриялық күрдтер шоғырланған Кобани қаласын атқылаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, түрік артиллериясы Ефрат өзенінің бойында орналасқан стратегиялық маңызға ие биіктіктерді бомбалаған.

"The Qazaq Times"