Аптаның соңғы күндері Стамбулда Сүрияны тақырып еткен төрттік саммит өтпек. Түркия тарабы ұйымдастырған саммитке Германия, Франция және Ресей президенттері келмек. Аталған елдің басшылары Идлибті негізгі тақырып етеді деп күтілуде. Бұл туралы түріктің «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабар таратқан болатын.
Кезекті төрттік саммит Германия канцлері Анкела Меркел, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ресей президенті Владимир Путин, БҰҰ өкілі де Мистура және Режеп Тайып Ердоған қатарлы басшылардың кездесуімен өтеді.
Идлибтегі атысты тоқтату және Сүриядағы саяси дағдарысты ретке салу туралы саммит соңында төрт елдің бірлескен декларациясы жарияланбақ. Сондай-ақ, бұл төрттік саммит кезінде Астана процесіне қатысушы елдер мен БҰҰ-ның Сүриядағы арнайы өкілі Стеффан де Мистураның Женевада ұйымдастырған «Шағын тобы» кездеседі.
БҰҰ өкілі Де Мистура келер айда Сүриядағы қызметінен босамақ. Оған дейін ол Сүрияда Конституциялық комитетті құруға жұмыс істейтінін айтқан еді. Қазір де Мистиураның басшылығында тараптар келіссөзге бірнеше мәрте келді .


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы