Ресей президенті Владимир Путин: «Қаруланудан басқа амал жоқ» - деп мәлімдеді.
Путин Италия премьер-министрі Жузеппе Контемен бірігіп өткізген баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығуына қатысты мәлімдемесіне пікір білдерді.
Ол онда: «Зымыранға қарсы қорғаныс келісімінің күші жойылды. Енді орта және қысқа қашықтықтағы зымыран келісіміне келдік. Бұдан бөлек стратегиялық қарулар келісімінің болашағы да бұлыңғыр. Егер бұның барлығы бұзылатын болса, онда қарулануға шектеу қоятын ештеңе қалмайды. Менің ойымша, дәл сол кезде қауіпті болады және қаруланудан басқа амал қалмайды» - деп мәлімдеді.
Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатындығын мәлімдеген. Оның сөзіншен, Ақ үй әкімшілігінің бұндай қадамдарға баруына Ресейдің келісімді орындамауы себеп болған.
АҚШ пен Ресей арасындағы зымыран келісіміне 1987 жылы қол қойылған. Сол уақыттан бері қос тарап бір-бірін келісімді орындамады деп бірнеше рет айыптаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?