Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 28 қазан күні Жапонияға ресми сапармен барады. Бұл оның Үндістан басшысы ретінде Жапония жасаған үшінші реткі ресми сапары. Үндістандық БАҚ Модидің Жапония сапарының басты мақсаты – Үндістан-Жапония қатынасын жоғары деңгейге көтеру, мұхиттағы стратегиясы ынтымақтастықты бекемдеу, сол арқылы өңірдің қауіпсіздігін нығайту және Қытайдың ықпалын әлсіретуге қарсы селбестік орнату деп көрсетеді.

Моди 2014 жылы билікке келгеннен соң алғашқы ресми сапарын Жапониядан бастаған. Кезекті сапар әр жыл сайынғы екіжақты кездесудің алғашқысы. Айта кетерлігі – Үндістан Жапониядан тыс тек Ресеймен ғана осындай «Жыл сайынғы екіжақты кездесулер» өткізіп келген.

Жапония-Үндістан тараптар қатынасы «Ерекше стратегиялық және әлемдік серіктестік қатынас» деп бағаланған. «Hindustan Times» басылымының айтуынша, екі ел қатынасы тығыз дипломатиялық және сауда қатынастарынан тұрады. Ал, аймақтың қауіпсіздігі мен орнықтылығы екі ел басшыларының осы реткі кездесулерінде көздеген мақсаттары деп көрсетеді.

Жапонияның Үндістандағы елшісі Kenji Hiramatsu 22 қазан күні үнді журналистеріне берген сұхбатында: «Жапония үкіметі Үндістанмен әскери логистикалық келісімдер жасап, тараптар бір-бірінің теңіз әскери базаларында жанармай толықтыру және кеме жабдықтарын қамтамасыз ету қатарлы жұмыстарда ынтымақтастық орнатуды  көздеп отыр»,– деген.

Үндістан-АҚШ арасында осыған дейін «Артқы шепті қамтамасыз ету келіссөзі» болған. Кейбір шетелдік сарапшылар Құрама Штат пен Үндістан  қорғаныс саласында ынтымақтастық орнатуға толықтай дайын деп санайды.

Сингапур Ұлттық университеті Оңтүстік Азия институтының зерттеушісі Рупакожоти Бораһ ( Rupakjyoti Borah) «Дипломат» (The Diplomat) басылымында жариялаған мақаласында, Жапония мен Үндістан қатынасын жақсарта түсуге мынадай бірнеше себептер түрткі болды дейді:

«Әуелі, қос тарап Үнді-Тынық мұхит аймағының тұрақтылық мәселесінің арта түскенін теңдей сезінді. Сонымен қатар, Қытай қуатының арта түсуі көршілес отырған елдердің алаңдаушылығын туғызды. Жапония мен Үндістан екі елде Қытаймен шекаралас жатқандықтан теңіз алқаптары мен шекара даулары бар. АҚШ үкіметінің «Әуелі Америка» саясаты екі елдің де ортақ дөп келген мәселесі. Өйткені, АҚШ-тың  КХДР мәселесі мен сауда соғысындағы қадамдары Жапонияға тиімді болуы екіталай. Ал, Үндістан Ираннан мұнай, Ресейден қару-жарақ сатып алады. Міне осылар жиналып келіп қос тарапқа да тиімсіз тұстары көбірек».

Сонымен бірге, Абенің «Үнді-Тынық мұхит стратегиясымен» Модидің «Шығысты бетке алу жобасы» белгілі дәрежеде өзара сәйкестікке ие. Дегенмен, екі ел лидерлерінің ортақ мақсаттарымен бірге, шешім таппаған мәселелері де бар. Айталық, екі елдің ортақ жобалары толықтай жүзеге асып жатқан жоқ. Бұл кемшілікті кезекті кездесуде тараптар жіті пысықтап Өтуі де мүмкін.

“The Qazaq Times”