Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон «Интерфакс» агенттігіне хабарлады.
23 қазанда америкалық саясаткер Джон Болтон мен Путиин Мәскеуде кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында қос тарап АҚШ-тың орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығуын талқылады. Осыған дейін Мәскеу «Америка аталған келісімнен шығатын болса, әлемге үлкен қауіп төнеді» – деген. Джон Болтон бұл пікірмен келіспейтінін білдіріп, «керісінше, Ресей зымырандарының Еуропа аумағында орналасуы өте қауіпті. Уашингтон Ресей тарапы осы келісімді бұзып отыр деп есептейді, сол үшін одан шығу туралы шешім қабылдады» – деді. Жоспар бойынша екі ел басшысының кездесуі Парижде 11 қараша күні өтеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуына орай осы дата таңдалған.
Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ президентінің кеңесшісі Мәскеудің 2016 жылғы президент сайлауына килігуі Ресейдің өзіне бумеранг боп ұшқанын баса айтқан. Оның ойынша, осы жағдайдан кейін астыртын қылықтары әшкере болған Ресей саяси қысымға ұшырап, ендігәрі Америкадағы сайлауға мүлде араласуға болмайтынын түсінген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді