Ақ үй жоғары лауазымдылардың бірі сол елдің ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарағанда, АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысының екінші реткі кездесуі биыл жылдың соңына қарай болуы мүмкін екенін айтқан. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.
Өзінің аты-жөні мен лауазымын атамауды сұраған Ақ үй қызметкері, АҚШ пен Солтүстік Корея арасында Трамп-Ким арасындағы екінші кездесу туралы келіссөздердің болып жатқанын растаған. Дегенмен, орын және уақыты туралы мәліметтерді жария етпеген.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп пен Ким Жоң Ун биыл маусым айында алғаш реткі әрі тарихи кездесуін Сингапурда өткізген болатын. Ал, қыркүйек айында екі елдің басшылары қайталай кездесіп, келіссөз өткізуге келіскен еді.
Помпеоның қазан айының бас шеніндегі Солтүстік Кореяның орталық қаласы Пиоңяңға (Пхеньян) жасаған сапары кезінде, екінші реткі Трамп-Ким келіссөзінің уақыты мен орыны туралы келісім жасады деген мәліметтер бар. Алайда, тараптар бұл туралы информацияларды әлі де құпия ұсап отыр.
Дегенмен, осы мәліметтерге сүйене отырып, АҚШ пен КХДР кезекті саммиттің өтетін орыны мен уақытына алда-бұрын келісімге келіп үлгірген болуы мүмкін деп болжауға болады. Тек, уақыт пен орын туралы мәліметтерді екі ел басшыларын амандық қорғаушылары кездесу орынын толықтай бақылауына алып болған кезде ғана жария етуі мүмкін.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау