АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин мен Ұлыбританияның халықаралық сауда министрі Лиам Фокс Сауд Арабиясындағы инвесторлардың халықаралық конференциясына қатысудан бас тартты. Бұл туралы «Washington» Post хабарлайды.
Сауд Арабиясының көшбасшылары мен ханзадасын ашық сынға алған Жамал Хашогги Стамбулдағы сауд арабиялық консулдығының ғимаратына барғаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Түркия полициясы журналисті қасақана өлтіріп, Стамбулдан алыс жерге көміп кетуі мүмкін дейді. Сондай-ақ бұл тарап Хашоггидің өлтірілгендігін дәлелдейтін аудиожазбалар бар екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға осы жазбаларды зерттеу туралы тапсырма берді, бірақ әзірге нақты жауап алған жоқ. Осы болжамнан кейін іздеу жұмыстарының «радиусы» едәуір артты. Уашингтондағы Сауд Арабиясының елшілігіне барған шерушілер де журналист Хашоггидің жоғалуына қатысты істі әділ тергеуді талап етіп отыр. Ал Сауд Арабиясы билігі журналистің жоғалуын жоққа шығарып, жан-жақты тергеу жүргізуге уәде берді.
Жамал Хашогги біраз уақыт корольдік отбасының кеңесшісі болған. Бірақ елдегі «саяси әділетсіздіктерді» көрген соң, АҚШ-қа көшіп кеткен. Және америкалық «Washington Post» басылымында журналист қызметін атқарды. Мәліметтер бойынша, ол консулдыққа құжаттарын алу үшін барған.
Осы жағдайдан соң HSBC, Credit Suisse, MasterCard, Ford, Uber, Google сынды ірі компаниялардың басшылары Эр-Риядтағы конференцияға қатысудан бас тартты. Goldman Sachs инвестициялық банкі форумға бойкот жариялады. Ал «New York Times», «Bloomberg» және CNN медиагруппалры өз журналистерін хабар таратуға жібермейтін болды. Демек, АҚШ пен Ұлыбритания үкіметінің қарсылығы Сауд Арабиясы үшін күн тәртібінде тұрған мәселеге айналып отыр. Америка көшбасшысы Дональд Трамп және Мемлекеттік хатшы Майк Помпео бұл жағдайды өзара талқылағаннан кейін осындай шешім қабылдаған. Саясаткерлер мен кәсіпкерлердің Эр-Риядтағы конференцияға қатысудан бас тартуы ханзада Мұхаммед бин Салман үшін ауыр соққы болмақ. Себебі ол – саммиттің бастамашысы және реформа қабылдаушысы.
«Болашақ инвестициялық бастама» атты саммит 23-25 қазанға жоспарланған. Әлемдік деңгейдегі кездесудің Сауд Арабиясындағы экономикалық мәселелерді шешу үшін маңызы зор. Саммит барысында ханзада халықаралық инвесторларға бірқатар жаңа реформалардың бағдарламасын ұсынуды жоспарлаған. Атап айтсақ, Мұхаммед бин Салман Сауд Арабиясының мұнай сатудан түскен табысқа тәуелділігін азайтуды ұсынады. Осыдан біраз уақыт бұрын ол әйелдердің автокөліктерін жүргізуіне тыйым салу арқылы реформаторлық деңгейін төмендетіп алған. Батыс дипломаттары ханзаданың бұл қадамы басқа да консервативті Таяу Шығыс елдері үшін тамаша үлгі деп бағалап, ыстық ықыласпен қабылдады. Бірақ, 2017 жылы Мұхаммед бин Салман сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен ондаған ханзада мен кәсіпкерлерді тұтқындағаннағ кейін реформаторлық атағы қайта сызат түскен. Олардың басым бөлігі расымен астыртын әрекеттерге барса да, жергілікті тұрғындар «ханзада осы әрекеті арқылы саяси және іскерлік бағыттағы бәсекелестерінен құтылуды көздейді», – деп есептеді. Бұл туралы із-түссіз жоғалған журналист Жамал Хашогги өз мақалаларында жиі сынап жазған.