Ресей СІМ Сергей Лавров: «Ресей НАТО кемелерін Азов теңізіне кіргізбейді» - деп мәлімдеді.
Қазан айының 18-і күні Франция БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Сергей Лавров Украина мәселесіне тоқталды. Онда ол: «Ресей мен Украина арасындағы келісім бойынша, Азов теңізіне НАТО кемелерін кіргізу үшін екіжақтық келісім қажет. Қазір Украина Азов аумағында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу үшін НАТО кемелерін шақыруда. Бірақ бұл мүмкін емес дүние. Ресей НАТО кемелерін Азов теңізіне кіргізуге қарсы. Біздің Қытаймен бірлесіп Сібірде өткізген оқу-жаттығу жұмыстарымыз арандатушылық емес. Керсінше, НАТО-ның Украина, Грузия және Қара теңізде өткізген әскери оқу-жаттығу жұмыстары арандатушылық» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, өткен аптада Украина қарулы күштері Азов теңізін аумағында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген. Оған Украина әскери теңіз күштерінің танк бөлімі, әскери әуе күштері, жағалау артиллериясы қатысқан.