Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Жеймс Мэтисс Вьетнамның оңтүстігіндегі Хошимин қаласына сапарлай барды. Бұл Пентагон басшысының биыл Вьетнам сынды «ескі жауына» жасаған екінші реткі сапары. Бұл туралы VOA ақпараттық қызметі хабарлады.

Мэттис сапарында Хошимин қаласының солтүстігіндегі көне әуе базасына барды. Бұл көне әуе базасында АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысының айғақтары бар. АҚШ әскері 1960-шы жылдардың соңы және 1970-ші жылдардың басында әдетте «апельсин агенттері» деп аталатын үлкен дефолианттарды жойған болатын. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жанданғаннан кейін, АҚШ үкіметі төрт жыл бұрын аймақтағы ластануды тазартуға уәде етті. АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі осы жердегі топырақты тазарту жобасын бастауды жоспарлап отыр. Жобаның құны 390 миллион АҚШ долларын құрайды және бірнеше жыл уақытты қажет етеді.

Пентагон басшысы осы әу базасына жасаған сапары кезінде, Құрама Штаттың өз уәдесін орындап, Вьетнам соғысындағы зардаптарды тазартуға, өткеннің жарасын жазуға тырысатынын айтты. Ол және Вьетнам соғысынан қалған бұл мәселелер, екі елдің қорғаныс ынтымақтастығын бекемдеуге негіз болғанын да айтып өтті.

Соңғы бір екі жылдан бері АҚШ пен Вьетнам арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы жедел дамыды. Мэттис Пентагон басшысы болғаннан бері екі жақтың қорғаныс ведомстволары көбірек кездесу өткізді. Тіпті Мэттис екі АҚШ пен Вьетнам өңірдің қауіпсіздігіне байланысты стратегиялық көзқарастары ортақ деп те бағалаған.

Бұлай айтуындағы себеп, Құрама Штат та, Вьетнам да Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери қадамдары өңір қауіпсіздігіне басты қатер деп санайтындығы. Оның үстіне Қытай мен Вьетнам арасында аталған теңізде шекара дауы әлі күнге дейін шешілмей келеді.

АҚШ пен Вьетнам арасындағы қорғаныс ынтымақтастығының күшеюі Қытайды осы аймақта тіпті де оқшаулай түсті. Қытай өзінің территориясының батысы, оңтүстік батысы және солтүстігінде ырықтылыққа ие болғанымен, дәл осы Вьетнам, Филиппин, Малайзия, Тайланд, Мьянма, Индонезия, Тайуан (Тайван),  Жапонияға жалғасқан теңіз алабында әлсіздігі анық байқалады. Оңтүстік Қытай теңізіндегі дау-дамай аталған елдер мен Қытай арасындағы үлкен бәсеке деуге де болады. Оның үстіне бұл елдер қазір АҚШ пен Аустралияның қолдауына ие болған. Бұл Қытайдың теңіздегі жолын тіпті де тарылта түсті.

“The Qazaq Times”