Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 10.10.2018 күні журналистика факультетінде жұмыс беруші мекеме басшыларымен  кездесу өтті.

Дөңгелек үстелге, «Аннұр сапа» баспасының директоры Ермахан Шайхы, «Балалар әдебиеті» баспасының директоры Шайзада Байкенова, «The Qazaq Times» ақпараттық-қоғамдық саяси порталының бас редакторы Мүбарак Қойшыбек, ЖШС «Қазақ газеттері» редакторының орынбасары Ләззат Ноғайбаева, «Көркем» баспасының директоры Серікбай Бейсен, журналистика факультетінің жұмыс берушілер кеңесінің төрағасы Серік Жұмабекұлы, «Әл-Фараби» ТРК директоры Дәурен Мұхамеджанов, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Рамазан және оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - «Дизайн» және «Баспа ісі» мамандығы студенттерінің теориялық білімдерін тәжірибелік сабақтармен ұштастыру. Нәтижесінде, сауатты да кәсіби маман даярлау.

Жиында, «Балалар әдебиеті» баспасының директоры Шайзада Байкенова дуалды оқыту жүйесін ұсынса, «The Qazaq Times» ақпараттық-қоғамдық саяси порталының бас редакторы Мүбарак Қойшыбек, оқу бағдарламасына «Қазақ тілі грамматикасын» енгізілсін деген пікірін айтты.

Осы орайда сөз алған Жұмыс берушілер кеңесінің төрағасы Серік Жұмабекұлы жұмыс беруші мекеменің міндеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің міндеті және студенттің міндеттері жүктелген үш жақты келісім-шарт ұсынды.

«Аннұр сапа» баспасының директоры Ермахан Шайхы: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, кітапты сапалы шығару ұжымдық жұмыс, ал бүкіл ұжым болып болашақ баспагерлер мен дизайнерлерді дайындайтын болсақ, сапалы да сауатты басылымдарымыз көбейер еді, сондықтан бұл келісім-шартты алға қойып қызмет істейік»,- деген келісімін білдірді.

Шамамен екі сағатқа созылған дөңгелек үстелді қорытындылау барысында мынандай пікірлер айтылды.

  • Негізгі оқу бағдаламасын, оқыту жоспарын жұмыс беруші мамандармен келісе отырып өзгерту;
  • Теориялық сабақтар мен тәжірибелік сабақтарды ұштастыра отырып студенттің кәсібилігін арттыру.

Тілепберген Ақмөлдір

журналистика факультетінің PhD докторанты

"The Qazaq Times"