6 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінде Әбілфайыз Ыдырысов оқуларына арналған «Цифрландыру жағдайындағы баспа ісі мен дизайнның өзекті мәселелері» атты конференция өтті.
Бұл іс-шараға Әбілфайыз Ыдырысовпен бірге қызмет еткен кәсіптестері, шәкірттері және қызы шақырылды.
Конференцияны факультет деканы Мәдиев Санзызбай сөз сөйлеп, “әл-Фараби форумының аясында өтіп отырған Әбілфайыз Ыдырысов оқуларын” ашты. “Бүгінгі конференцияның негізгі мақсаты, Әбілфайыз Ыдырысов еңбектеріне талдау жасай келе, өткен байқаудың қорытындысын жариялау” деді.
Декан алғашты сөзді филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлына берді. Ол кісі Әбілфайыз Ыдырысов қандай ұстаз болғандығы жайлы, жуналистика саласына сіңірген еңбектері туралы ой бөлісті.
Профессор Какен Хамзин Ыдырысов туралы естеліктерімен қатар, қазіргі кезде журналистикада кездесетін өзекті мәселелер, проблеммалар туралы да айтып өтті.
Осыдан кейін Әбілфайыз Ыдырысов атына өткен байқаудың нәтижесі жарияланып, орын алған студенттер марапатталды. Студенттер алғыс хатпен қатар Ерлан Әбілфайызұлы бөліп отырған шәкіртақыға ие болды. Жалпы байқауға 17 жұмыс ұсынылып, оның 10 жұмысына коммиссия мүшелерінің шешімі бойынша орын берілді. Соның ішінде ғылыми-жұмыстарымен көзге түскен Ерасыл, Айзада, Жібек, Аружан есімді студенттерге ерекше алғыс айтылды.
Әрі қарай Дандай Ысқақ, Майра Жанұзақова, Сағатбек Медеубекұлы, Ермахан Әбдірахман сынды ұлағатты ұстаздар мен құрметті қонақтар сөз белгілі журналист, жазушы, білгір баспагер туралы естеліктермен бірге бүгінгі баспа ісіне де тоқталды. Соңғы сөзді Әбілфайыз Ыдырысовтың қызы Құралай Әбілфайызқызы сөйледі. Факультет ұжымына, байқауға қатысқан студенттерге өз алғысын білдірді.
Алматы қаласы.
Гүлнұр Алимжанова