Осы апта Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады. Жаһандық деңгейдегі сыйлық жыл сайын әйгілі ғылыми тәжірибелер, төңкерістік жаңалықтар жасап, халықаралық мәселелерді шешуге, мәдениет және қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосуға еңбек сіңірген адамдарға табысталады.
Былтыр ядролық қаруды ликвидацялаумен айналысатын халықаралық компания жеңімпаз атанған. «Time» басылымның мәліметінше, Ослодағы Нобель комитетінің мәліметінше, биыл бейбіт әлемді қолдау аталымы бойынша жалпы саны 331 адам үміткерлікке ұсынылған. Премия жеңімпаздары тек жұма күні белгілі болады, бірақ шетелдік Ladbrokes букмекер орталығының «ізімен» Нобель сыйлығының осы аталым бойынша фавориттеріне тоқталып өткеніміз артық болмас.
Дональд Трамп
Он сегіз республикалық заң шығарушылар мамыр айында Нобель комитетіне АҚШ көшбасшысы Дональд Трампты Нобель сыйлығына тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, хат жолдаған. Олар Трамптың билікке келген сәтінен бастап Америка мүддесі мен әлемдік жағдайларды реттеу мақсатында атқарған еңбектерін назарға алып отыр. Мәселен, Трамп «арасынан ала мысық өткен» Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасын реттеуге атсалысып, жаһандық мәселеге айналған ядролық қаруды жоюды басты назарда ұстады. Қытай үкіметінің этникалық ұлттарды жазықсыз азаптап, адам құқығын ашықтан-ашық таптап отырғанын мәселе ретінде көтерді және ҚХР-ға сұрапыл санкциялар жолдады. Трамптың осы сынды «саяси еңбегін» назарға алған комитет басшылары оны Нобель сыйлығына үміткерлердің қатарына қосқан. АҚШ тарихында президенттер арасынан Барак Обама қызметке келгенге дейін яғни 2009 осы премияны иеленген.
Ким Чен Ын және Мун Чжэ Ин
Корея Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея көшбасшылары Ким Чен Ын, Мун Чже Ин бейбітшіліктің Нобель сыйлығының лауреаты атануға үміткер. Демек, саясаттағы үштаған: Трамп, Мун және Ким жүлденің басты фавориттері.
2017 жылы Солтүстік Кореяның ядролық қару сынағы мен зымырандарының толқыны екі ел арасындағы қарым-қатынасты құлдыратты. 1950-53 жылдардағы Корей соғысынан бастау алған кикілжің біраз уақытқа созылды. Араға біраз уақыт салып, саяси-дипломатиялық, экономикалық корнфронтацияның алдын алу үшін қос мемлекеттің ядролық қарусыздану бағытында жаңа қадам жасады. Өткен айда Ким шетелдік инспекторлардың бақылауымен денуклеаризацияға уәде берді. Әлбетте, БҰҰ-ның Ким режиміне қатысты «адамзатқа қарсы қылмыс ұйымдастырушы» деген теріс пікірін назардан тыс қалдыра алмаймыз. Дегенмен, екі ел басшысы 2018 жылғы Нобель сыйлығының айқын фавориттері атарып отыр.
Карлес Пучдемон
Аталған тізімде елінен қуылған Каталония басшысы Карлес Пучдемон да бар. Пучдемонды тізімнен көргендердің пікірі екіге жарылды: бірі оның «қашқын» екенін айтса, енді бірі»ол елі үшін еңбек еткен қаһарман» дейді. Каталонияның «Тәуелсіздік туралы» бейресми референдумының номиналды басшысы Пучдемон өткен жылдың қазан айында испан билігінің тұтқындауына жол бермеу үшін Бельгияға кеткен. Бірақ бұл мемлекет әлі де Испания тарапынан қиындық көріп отыр.
Рим Папасы Франциск
Күні бүгінге дейін бірде-бір Рим Папасы әлемдік Нобель сыйлығын ұтпаған. Бірақ Франциск 2013 жылдан бері үміткерлер қатарынан бой көрсетіп келеді. Сол жылы оған «адамдарды адал жолға салуда тер төкені» үшін «Жыл адамы» атағы берілді. Бұл жолы CNN сауалнамасы бойынша ол 48% дауыс жинаған.