Жақында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізетінін мәлімдеді. Пашинянның бұл шешімі халық арасында қызу талқыға айналды. Лауазымды қызметке келгеніне бар-жоғы бес айға жуықтаған ол осы уақыт ішінде не тындырып үлгерді? Сараптап көрелік.
- «Гүлденген Армения» және «Дашнакцутюн» партиясы ұсынған үкімет министрлері мен губернаторларды жұмыстан босатуға нұсқау берді.
- Билікті асыра насихаттап, астыртын әрекеттерді жасырып қалумен айналысатын «Армения» телеарнасының басшыларын орнынан алды.
- Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал Манвел Григорян, оның әйелі мен ұлы Эчмиадзинге армян солдаттарына гуманитарлық көмек бергені және қаруды заңсыз сақтағаны үшін тұтқындау туралы шешім шығарды.
- Президенттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Саргсян-Вачагел Казарянның үйіне тінту жүргізіп, мемлекетке тиесілі қаржыны қайтарды.
- Экс-президент Роберт Кочарянның салық төлеуден жалтарған «Спайка» компаниясын тергеуге алды. Осы іс бойынша Ереванда 2008 жылғы 1 наурызда басталып, аяқсыз қалған тергеуді қайта бастады. Нәтижесінде Кочарян РФ-ға бас сауғалауға мәжбүр болды.
- Армения тергеу комитеті мен кассациялық сотындағы былықтарды әшкерелеп, жаңа кадр тағайындады.
- Бас штаб, шекара және құрлық әскерилерінің басшылығы ауысты. Сондай-ақ, Таулы Қарабақтағы күш құрылымдары өз жұмысын тоқтатты.
- Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ауылдық қауым басшыларына қарсы 71 қылмыстық іс қозғалды.
- Премьер-министр Пашинянның сапарынан кейін экологиялық проблемадан көз ашпаған Сюникск облысының басшылығы қызметінен қуылды.
- Армяндардың шет елден оралуын жүзеге асыратын «Армениядағы жүрек» жобасы іске асты.
- Әділетсіз соттың «арқасында» жүгенсіз кеткен 30-ға тарта қандықол қарақшылардың үстінен қайта іс қозғап, үйін тінтіп шықты. Осыдан кейін олардың басым бөлігі елден қуылды.
- РФ-дағы ЛДПР партиясының депутаты Владимир Савельев пен Жириновскийдің маңызды әңгімесі арқылы Арменияның Әзірбайжанға қатысты Таулы Қарабақты қайтару туралы көптен күткен ұсынысына қол жеткізді.
- Фейсбукте тікелей эфирге шығу арқылы шенділер мен халық арасында қарым-қатынас жасауды дәстүрге айналдырды. Сондай-ақ, Фейсбук желісінде «Пашинянмен тікелей сұхбат» тақырыбында қарпайым халықтың сауалдарына жауап берді.
- Басқа елдерге әскерге барудан бас тартқан барлық жігіттерге рақымшылық (амнистия) жариялап, оларды отанына қайтып оралуға және қызмет етуге шақырды.
- Өзінің барлық аппараты мен үкіметін «Applе»-дің орнына отандық өндіріс «ArmTab» компьютерлерімен жұмыс істеуге көшірді.
- Олигарх Самвел Карапетянға тиесілі «Ташир Group» компаниясымен келісім жүргізіп, жағдайы төмен отбасылардың электро-энергия бағасын төмендетті.
- Жоғары вольтті электр желілерін реттеумен айналысатын ЖҚК-мен келісімшартты бұзып, «Ташир Group» компаниясын мемлекет қарамағына өткізді.
- «Газпром Армения» компаниясы табысы аз отбасылар үшін газ бағасын 20%-ға төмендетті. Жеңілдетілген тариф мерзімінен бұрын сайлау арқылы бір жылға белгіленді.
- Сайлау кодексіне түзетулер енгізді.
- ҰҚШҰ және ЕАЭО-мен ынтымақтастықты күшейту туралы құжаттарға қол қойды.
- Ресей Федерациясының ФСБ күштерінің орнына Түркия және Әзірбайжанмен шекаралық мәселелерді ретке келтірді. Түркия шекарасындағы жағдайды өз бақылауына алуға қол жеткізді.
Түйін
Пашинян билікке келген кезден бастап 29 реформаны жүзеге асырып үлгерген. Ірі супермаркеттерге бойкот жариялау арқылы жүгенсіз кеткен бағаны төмендетті. Сондай-ақ шетелдік және отандық компаниялардың астыртын әрекеттерін анықтады. Тағысын тағы. Арменияға «бақ боп қонған» Никол Пашинян әділеттік орнатуды реалистік бағытта жүзеге асырды. Сайлауалды жаттанды сөзбен емес, де-фактолық тұрғыда әрекет етті. Алайда Армения жұрты үшін бақытқа кенелу ұзаққа созылған жоқ. Жақында парламентте Н.Пашинян: «Қазір мен әріптестеріміздің дағдарысты қалай еңсеру керектігі туралы ұстанымын білуге тырысамын. Меніңше, біз кезектен тыс сайлау өткізу туралы консенсусқа келісім береміз. Егер премьер сайланбаса, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу керек», – деп мәлімдеді.
5 айға жуық уақыттың ішінде өз мемлекетін «қоқыстан» тазартып үлгерген Пашинянды жақтаушы халық саны толассыз артып келеді. Армения ғана емес «саяси доминеннің» тындырған істері талайды таңдай қақтырды. Бір шекпеннен шыққан мемлекеттер арасында тарихи резонанс туғызды. Расымен, Никол Пашинян посткеңестік мемлекеттердің арасынан алғашқы болып саяси жүйеге өзгеріс енгізген басшы. Ендігі кезек кімде?..