Барселонада 180 мың адам ереуілге шықты – деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.

Барселона полициясының мәліметінше, автономиялық аймақтың тәуелсіздік алуына байланысты референдумның өткеніне бір жыл толуына орай шеруге жиналған халық саны 180 мыңға жеткен.  Шеру соңында полиция қызметкерлері мен ереуілшілер арасында қақтығыс орын алып, бірнеше адам қамауға алынған.

Ресми билік органдары Барселонаның орталығында өткен шеруді заңсыз деп таныған.

Барселонада қарсылық акциялары өткен аптада басталған. Қыркүйек айының 29-ы күні болған шеруде полициямен қақтығыс кезінде  тоғыз адам жарақат алып, ондаған адам қамауға алынған.

"The Qazaq Times"