Түркияның Едірне қаласының жағалау маңында үрленетін қайық суға батып кетті. Hurriyet сайтының хабарлауынша, қайықта 12 заңсыз босқын болған.
Грекия шекарасына өтуге талпынған сүриялық он азамат пен олардың осы сапарларын ұйымдастырушы екі түрік мінген қайық қолайсыз ауа-райының салдарынан аударылған. Апатты жағдай жағалаудан 60 шақырым қашықтықта болған. Түркия азаматтары мен сүриялық үш азамат құтқарылған, тағы екі босқынды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті органдардың хабарлауынша, қалған азаматтар қаза тапқан. Бұдан бұрын осы жылдың жеті айы ішінде Еуропаға жетуге талпынған 1500-ден астам босқын Жерорта теңізінде қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтар айынан бері Жерорта теңізін 60 мыңнан астам босқын кесіп өткен. Ресми мәлімет бойынша, Испания Еуропаның ең шиеленісті мәселелерінің біріне айналған босқындарды қабылдайтын басты нысан болып отыр. Биыл оның портты қаласы 23,5 мың босқынды қабылдаған. Ал, Италияға 18 мың, Грекияға 16 мың босқын бас сауғалаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті