Кеше Украинада Ресейлік күштердің қоршауында қалған кейбір жерлердегі бейбіт тұрғындар қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Дегенмен, Сумы қаласында Ресейдің әуе шабуылынан 21 адам көз жұмғаны хабарланды.
Ресей Қорғаныс министрлігі Чернигов, Харьков және Мариуполь қалаларында бейбіт тұрғындарды тасымалдауға арналған дәліздер қосылғанын мәлімдеді.
Гуманитарлық дәліз бен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға жасалған келісімнен кейін Украина қалаларынан қашып шыққандардың саны да көбейді. БҰҰ мәліметіне қарағанда, кеше Украина шекарасынан шыққан босқындар саны 2 миллионнан асқан.
Ресей күштерінің Украинаға басып кіргеніне 2 аптаға жуық уақыт болды. Бұған дейін қалалардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жүзеге аспай келген болатын. Дегенмен, Украина тарабы Ресейді бейбіт тұрғындардың қауіпсіз аймаққа шығып кетуіне кедергі қоюға тырысып жатыр деп айыптайды.
Айталық, Украина СІМ жетекшісі Кулеба Ресейді Мариупольде «300 мың адамды кепілге ұстап отыр» деп айыптады.


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр