Украина Жоғарғы соты Мемлекеттік миграциялық қызметке Қазақстаннан қашып барған журналист Жанар Ахметке саяси баспана беруді міндеттеді. Сот шешімі жөнінде халық депутаты Светлана Залищук мәлімдеді. Осыған дейін прокуратура Ахметті еліне экстрадициялауды талап еткен.
"Ол Украинада қалады. Бұл дегеніңіз өзгеше ойлайтын әрі жазатын журналисті отанында түрмеге отырғызады", – деп жазады Залищук.
Жанар Ахмет Киевте 2017 жылдың 21 қазанында Қазақстан билігінің Интерполдан сұрауы бойынша ұсталған. Журналист елде алаяқтық жасады деп айыпталған. Ол осы уақытқа дейін сот шешімін күтіп, тергеу абақтысында отырған.
Ахмет Украинаға 2017 жылдың көктемінде барған. Ол өзін Украинада саяси көзқарасы үшін қуғындалып жатырмын деп есептейді. Жанар Ахмет оппозициялық "Трибуна" газетінде блогер ретінде мақала жазып тұрған. Украинаға кетер алдында, оған қарсы бірнеше іс қозғалған.
Украинада және Қазақстанда көптеген журналистер мен белсенділер Жанар Ахметке қарсы істің саяси астары бар деп есептейді.