АҚШ Сенаты 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылықты геноцид деп таныды.

«Голос Америки» ақпарат көзінің мәліметінше, қыркүйек айының 26-ы күні АҚШ Сенатының халықаралық істер комитеті 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылықты Сталин режимінің украин халқына жасаған геноциді деп танып, арнайы қаулы қабылдаған.

Қаулыда «Сенат 1988 жылдың 12 сәуір күні Конгреске ұсынылған 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылықты зерттеген комиссия жұмысын толықтай мойындайды және комиссия мүшелерінің «Сталин режимі украина халқына қарсы геноцид жасаған» деген шешімін қолдайды» - делінген.

Украинада 1932-1933 жылдары ашаршылықтан 3,5 миллион адам көз жұмған. Ресми Киев Сталин режимінің украин халқына жасаған озбырлығын осыдан бірнеше жыл бұрын «геноцид» деп таныған.

1932-1933 жылдары Қазақстанда да ашаршылықтан көз жұмғандар саны аз болған жоқ. Болжам бойынша, сол жылдары қазақ даласында халықтың 22,42 пайызы аштықтан қырылған. Бұл шамамен 1 миллион 258,2 мың адам. Бірақ осы күнге дейін Қазақстан билігі ашаршылық құрбандарына, Сталин режимінің қатігез әрекеттеріне мемлекеттік деңгейде ешқандай саяси баға бермей келеді.

"The Qazaq Times"