Украина президенті Петр Порошенко Біріккен Ұлттар Ұйымына 1932-1933 жыдары Украинада болған ашаршылыққа байланысты арнайы қаулы қабылдауды ұсынды.

Петр Порошенко Біріккен Ұлттар Ұйымында жасаған үндеуінде: «Қараша айында біз ХХ ғасырдың нәубеті, 1932-1933 жылдары Украинада Сталин режимі қолдан жасаған ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына адамзат тарихындағы қайғылы оқиғалардың бірі ретінде Украинада болған ашаршылыққа арнайы қаулы қабылдауды ұсынамын» - деп мәлімдеді.

Украинада 1932-1933 жылдары ашаршылық 3,5 миллион адам көз жұмған. Қазіргі таңда Украинада болған ашаршылықты әлем бойынша Израиль сияқты бірнеше мемлекеттер геноцид деп таныған.

1932-1933 жылдары Қазақстанда да ашаршылықтан көз жұмғандар саны аз болған жоқ. Болжам бойынша, сол жылдары қазақ даласында халықтың 22,42 пайызы аштықтан қырылған. Бұл шамамен 1 миллион 258,2 мың адам. Бірақ осы күнге дейін Қазақстан билігі ашаршылық құрбандарына, Сталин режимінің қатігез әрекеттеріне мемлекеттік деңгейде ешқандай саяси баға бермей келеді.

"The Qazaq Times"