Алматыда полиция қызметкері әріптесін атып тастады.
ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың сөзінше, қыркүйек айының 26-ы күні жергілікті полиция қызметінің инспекторы әріптесіне оқ атып жаралаған. Қазіргі таңда зардап шеккен полицей ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы, елімізде полиция қызметкерлерінің бір-біріне қару жұмсау оқиғалары соңғы уақыттары жиілеген. Бұған дейін 6 кыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында мамандандырылған күзет қызметінің 32 жастағы взвод командирін жұмыс орнында атып өлтіріп кеткен. Аталмыш іс бойынша күдікті ретінде 24 жастағы күзет қызметінің сержанты ұсталған.
Биыл ІІМ маңайынан дау арылмай тұр. Естеріңізде болса, тамыз айының 19-ы күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін, азаматтық белсенділер мен журналистер ІІМ Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен. Бірақ Қасымов мырза халық талабына өзінің әскери қызметкер екендігін айтып, президент мен үкімет қандай шешім шығарады соны ғана орындайтынын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?