Улаанбаатар қаласында 7-12 ақпанда бокстан жастар арасындағы ел біріншілігі болып өтті. Аталмыш жарысқа 247 спортшы қатысты деп хабарлайды KAZNEWS.
Осы жарыста 60 келі салмақтағы қандасымыз, баян-өлгийлік боксшы А.Қабдылмажид барлық қарсыластарын ұтып, жастар арасында ел чемпионы атанды. Сонымен қатар жарыстың «Үздік спортшысы» деп танылды.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы жасөспірімдер бір алтын, бір күміс және үш қола жүлде ұтып алған болатын.
Онда да, 63 келіде А.Қабдылмажид алтын иеленген. Ал, 60 келіде Ұ.Жансерік күміс жүлде алған. Сонымен қатар, 54 келіде А.Қарифолла, 52 келіде А.Жандос және қыздар арасындағы бәсекеде 54 келі салмақта өнер көрсеткен Ж.Лашын жарыстың қола жүлдегері атанды.
«Болашағы зор боксшы» кубогымен 57 келі салмақта өнер көрсеткен А.Әбділмажид марапатталған.
Естеріңізге салсақ, Баян-Өлгий аймағының Спорт, дене шынықтыру басқармасының бастығы Қ.Қайнар жарысқа төрелік еткен болатын.