Алматыда ұрланған ұялы телефондар Қырғызстан мен Тәжікстанға жөнелтіледі.

Қыркүйек айының 25-і күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Үкімет отырысында шаһардағы қылмыспен күрес мәселесі жөнінде мәлімдеме жасады. Бауыржан мырзаның сөзінше, Алматы қаласында ұрланған ұялы телефондардың басым көпшілігі Қырғызстан мен Тәжікстанға жөнілтіледі. Сол себепті қылмысты ашу жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Соңғы он жылда Қазақстан бойынша тіркелген қылмыстық істердің 20 пайызы дәл осы Алматы қаласына тиесілі.

Айта кететін бір жайт, жақында «Numbeo» халықаралық орталығы Алматыны әлемдегі өмір сүруге ең қауіпті қалалардың тізіміне енгізген. 327 қала енгін рейтингте Алматы қаласы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 112 орында.

Естеріңізге салайық, тамыз айының 19-ы күні Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде танымал мәнердеп сырғанаушы Денис Тенге қарақшылық шабуыл жасалып, әлемге танымал спортшы пышақ жарақатынан көз жұмған. Осыдан кейін Алматы қаласының ІІД мен ҚР ІІМ қоғам тарапынан үлкен сынға қалған. Азаматтық белсенділер мен журналистер ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін және ІІМ түбегейлі реформалауды талап еткен. Бірақ Қасымов мырзаның өзі халықтың бұл талабына: «Үкімет пен президент қалай шешеді, біз соған көнеміз» деп жауап берген.

"The Qazaq Times"