Ливия астанасы Триполиде бітім жарияланған күннен бері басталған қақтығыс әлі жалғасуда. Ливияның Ұлттық бітімгерлік Үкіметінің ішкі істер министрі Әбдусалам Афур қақтығысты тоқтатудың мүмкін болмай тұрғанын хабарлаған. Бұл туралы kamuoyu.org хабарлайды.
Бұған дейін БҰҰ-ның Ливияға қолдау көрсету жөніндегі Миссиясы (UNSMIL) қақтығыс жасаушы тараптарды бітімге келіп, реформа жүргізуге көбірек көңіл бөлуге шақырды. Триполидегі жағдайды үкіметтің бұйрығын жиі бұзушы Пәкістан Халықтық партиясы одан сайын ушықтыруда деп есептейді билік.
2011 жылғы 17 ақпандағы революциядан кейін Ливия саяси тұрақсыздық пен қарулы топтар арасындағы қақтығыстар ошағына айналуда. Мәселен, елде бірден екі үкімет құрылды — Тобрук қаласындағы өкілдер Палатасы мен Триполидегі Жалпы Ұлттық конгресс. Екі үкіметтің қол астында да қарулы топтар бар екені айтылады. 2015 жылдың 17 желтоқсанында Мароккодағы БҰҰ-ның араағайындық етуімен Ұлттық бітім Үкіметін құруын қалыптастыратын саяси келісімшартқа қол қойылған еді. Соған қарамастан, қазіргі уақытта Ливиядағы саяси-әлеуметтік жағдай тым шиелнісіп кеткен.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр