Будапештте халық наразылығы ушыға түсті. Бүгін жалпы саны 4 мыңға жуық наразы топ премьер-министр Виктор Орбанның биліктен кетуін талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы hunqary.com хабарлайды.
Таяуда Еуропарламент депутаты Джудит Саргентини Венгрияға қатысты «жұрт шошырлық» мәлімдеме жасаған болатын. Ол өз сөзінде «Венгрия Еуроодақтың демократиялық шектеу принциптерін жоюға талпынатынын» – айтқан. Демек, бұл шешім мемлекеттің ішкі жағдайына нұқсан келтіруі ықтимал.
Бұл тақырыпқа қатысты Еуропарламент жаңа қарар ұсынрған. Рсесми құжат бойынша, Венгрия астыртын әрекеті үшін дауыс беру құқығынан айырылады. Сонымен қатар, баспасөз бостандығы, миграция мәселелері мен сөз еркіндігіне шекету қойылады. Қатаң шешіммен келіспеген жұртшылық үкімет басшыларына қарсы алаңға шықты. Олардың негізгі мақсаты – халық еркіндігінің қайта қалпына келуі.
Венгрия жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразы топ «Еуропа құрамынан алыстамай, ой мен сөз еркіндігіне қол жеткізуді қалаймыз. Бұл тұрғыда халыққа опасыздық жасап отырған Виктор Орбанды біз ғана тақтан тайдыра аламыз. Сол кезде ғана нағыз тәуелсіздік үстемдік құрады», – деген.
Мемлекеттегі астыртын әрекеттер түбінде өз шешімін табады. Демек, Венгрия тұрғындары іздеген әділдік жақын арада орнаса, үкімет тарапынан елеулі өзгерістер орын алады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді