Бүгін, 9 маусымда «ҚазАвтожол» ҰК АҚ қоғамдағы наразылыққа қарамастан әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында елдегі бірінші санаттағы жол төселген бес аумақта биыл жолдың ақылы болатынын мәлімдеді.
Атап айтқанда, олардың қатарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, астана-Павлодар және Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен магистральдары мен астана, Қарағанды, Павлодар қалаларының айналма жолдары бар.
Ұлттық компания ақылы болатын жолдардың сапасын тексеруді тариф енгізерден бұрын емес, енді қолға алып жатыр. Жол ақысы сол күйінше қалады, әзірге бағаның өсуі қарастырылмаған делінген компания хабарламасында.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, аталған ақылы жол бағасы көлік құралдарының түріне байланысты өзгеріп отырады. Жеңіл көліктер шақырымына 1 теңге, ал автобустар орын санына қарай 1 шақырым үшін 5-15 теңге аралығында, жүк көліктері жүк көлемі мен салмағына сәйкес әр шақырымға 5-25 теңге аралығында төлейді.
Биыл жазғытұрымда, мамыр айының аяғынан бері Қазақстанда жолдар ақылы болады дегенге халық наразылық білдіріп, бірнеше өңірде көпшілік қатысқан қарсылық жиындары өтіп келеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болатынын мәлімдеген. Шалғай жолға іс-сапарға шығатын жүргізушілер жол сапасының нашарлығын, ақша төлеуге лайықсыздығын айтып, мұның соңы қымбатшылыққа алып келетінін айтып шағынады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді