Ресейде үш жүз мың сарбаздың қатысуымен ең ауқымды әскери оқу-жаттығу жұмыстары басталды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 11 қыркүйек күні елдің Қиыр Шығысында 300 мың сарбаз, 1000-ға жуық ұшақ, 36 мың танк, 80 әскери кеменің қатысуымен «Шығыс-2018» әскери оқу-жаттығу жұмыстары басталған. Оқу-жаттығу жұмыстары қыркүйек айының 17-іне дейін созылмақ.
НАТО Ресейдің «Шығыс-2018» әскери оқу-жаттығу жұмыстарына «Мәскеу үлкен соғысқа дайындалып жатыр» деген баға берді. Дәл осындай оқу-жаттығу жұмыстары Кеңестер одағының тұсында 1980 жылы Варшава келісімі елдерінің қатысуымен өткен. Ол кезде батыс елдері Кремльдің бұл әрекетіне «өзінің күш-қуатын әлемге паш ету және ірі әскери операцияға дайындық» деп бағалаған.