Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Иранды Сүрияның Идлибын «қанды көлге» айналдырмауға шақырды.

Иран астанасы Теһранда өткен үш жақтық кездесу барысында Режеп Тайып Ердоған Идлибтегі қанды қырғынға қатысты мәлімдеме жасады. Ол онда: «Біз Идлибтың қанды көлге айналғанын қаламаймыз. Біздің достарымыз ретінде сіздерде бұны қолдайды деп ойлаймын. Идлибке жасалған кез келген шабуыл үлкен апатқа және қанды қырғынға алып келеді» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, қыркүйек айының 5-і күні Ресей әскери әуе күштері Идлиб аумағын бамбалаған. Идлиб қаласы Сүриядағы оппозициялық топтар шоғырланған соңғы қала. Мұнда 4 миллионға жуық адам тұрады.

Еуропа елдері мен Түркия егер Идлибте соғыс басталатын болса, аймақтағы 4 миллион халық Түркия мен Еуропаға қоныс аударады деп алаңдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, Идлибте соғыс өрті тұтанатын болса, Еуропа мен Түркияға 700 мыңға жуық босқын баруы мүмкін.

"The Qazaq Times"