Эстония, Латвия, Литва елдері жаһандағы ең ірі Walmart кәсіпорнын КСРО-дағы символдар бейнеленген тауарларды сатылымға шығармау туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы бүгін Associated Press агенттігі мәлімдеді.
Литваның АҚШ-тағы елшісі Роландас Кришюнас өз сөзінде: «Балтық бойы мемлекеттері 1940 жылдары аннексияланып, 1991 жылға дейін Кеңес Одағының құрамында болды. КСРО тұсында небір қорқынышты, сұрапыл күндер болды. Нағыз қатыгез кезең еді. Сол уақытта орақ пен балғаны бетке ұстатқан адам шошырлық, жантүршігерлік қылмыстар орын алды. Совет билігінің қол астында жүздеген мың литвалықтар аяусыз қырғынға ұшырады, жер аударылды, жазықсыз түрмеге жабылды. Сондықтан да кешегі кезеңнің аяусыз тұстарын көрсететін, жаппай қырғынды дәріптейтін киім-кешектер мен өзге өнімдерді таратуға түбегейлі қарсылық білдіреміз», – деген.
Биыл мамырда Adidas спорттық киімдер фирмасы Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына қатысты жасалынған кеңестік таңбалары бар қызыл футболкалар мен басқа да тауарларды сатылымнан алып тастауға келісім берген. Ал Walmart компаниясы әлі күнге дейін осындай типтегі киімдерді шығарады. Осы орайда Латвия, Литва мен Эстония билігі аталған кәсіпорынның тауарларын сатылымнан алып тастау керектігін айтты. Мұнымен қоса, Балтық бойы елдерінің басшылары Walmart компаниясына «Тоталитарлық режимнің құрбаны атанған миллиондаған адамдарға ешқандай құрмет көрсетпейтіні өте өкінішті. Сонымен қатар, бұл кәсіпорын адам құқықтарын аяққа таптап, демократияны жоққа шығару арқылы тоталитарлық жүйе жайлы барынша насихат жүргізіп отырғанын» айтып, үндеу жолдаған. Компания өкілдері бұл ұсынысқа әзірше жауап берген жоқ.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр