Киевте Зеленский Польша, Литва, Лативия және Эстония президенттерімен кездесті. Бес елдің жетекшілері бас қосқан жиналыста Зеленский Украинаның ең жақын қолдаушылары ретінде осы елдерді атады.
Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге Польша президенті Анджей Дуда, Литва президенті Гитанас Науседа және Латвия президенті Эгилс Левитс Киевке пойызбен жетті. Кездесуде аталған елдер арасындағы ынтымақтастықпен қатар аймақтағы қауіпсіздік және Ресей тақырыптары талқыланды.
Зеленский кездесуден кейін ақпарат құралдарына бағыттаған сөзінде: «Польша, Литва, Латвия және Эстония қашанда біздің жанымызда болды», – деді. Бұған қоса ол көршілес елдерінің қорғаныс саласындағы қолдауының да айрықша болғанын атап өтті.
Бұл кездесудің алды-артында жасаған мәлімдемелерінде Зеленский Еуропа Одағы мен НАТО-ны Ресейге бағытталған қысымды жеткілікті деңгейде көтермей отырғаны туралы да айтқан болатын. Зеленскйи өзінің бейне үндеуінде Еуроодақтан Ресейдің мұнай-газына тежеу қоюын сұраған. «Ресейдің соғыс машинасына қолдау көрсетуді доғарып, барлық ресейлік энергия көздерінен бас тартуға дайын екенін көрсетуі керек», – деген Украина президенті.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?