Қырғызстан саяси дағдарысты әлі де еңсеріп кете алған жоқ. Бұл жағдайдан президенттік сайлау мен Конституцияға өзгрістер енгізу бойынша референдум арқылы шығып кетуге талпынған. Бірақ, соның өзі елді одан арман дағдарысқа апаруы мүмкін деген болжамдар да айтылып жатыр.
Апта басында қырғыз ата заңына өзгерістер енгізген жаңа нұсқалары қоғамдық талқыға шықты. Байқағанымыздай, бұл конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу емес, керісінше жаңа конституция енгізудей көрінеді. Бұл нұсқаны Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева, Жоғарғы кеңестегі «Ата-Мекен» фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаев, «Бүтін Қырғызстан» партиясының лидері, президенттікке талапкер Адахан Мадумаров қатарлы қырғыз саясаткерлері сынап шықты.
Сынаса сынағандай-ақ, жаңа конституцияда елдегі сөз еркіндігі мен демократияға қауіп төндіретін бірқатар тармақтар бар. Айталық, заңдық нормада анық бекітілмеген «елдің имандылығына, қырғыздың ұлттық салт-санасына қайшы іс-шараларға шектеу қойылады» деген тармақтар кездеседі. Бұны кейбір қырғыз саясаткерлері билік басындағылардың демократия мен сөз бостандығын шектеуге мақсатында қосқан күмәнді ережелер деп санайды.
Анығында конституцияға өзгертулер енгізу деген бастаманы президенттің міндетін атқарушы және премьер министр болып отырған Садыр Жапарыв ұсынған. Қолданыстағы Қырғыз Ата заңы оған президент міндетін уақытша атқарушыға ондай құқық бермеген. Бірақ, билікке келген Жапаров көптеген өзіне тиімді мәселелерді «елдің талабы» деген желеумен жолға қойып жатқаны анық байқалып отыр. Жапаров жақында ғана міндетін тапсырып беріп, президенттік сайлауға аттанған.
Қырғызстандағы саяси жағдайларды бағамдаған тәуелсіз сарапшылар бұл өзгерістердің елді одан бетер тығырыққа тірейтінін айтады. Сондай-ақ, 30 жыл біртіндеп болса да алға ілерілеп келе жатқан қырғыз демократиясы дағдарыстан кейін кері кетсе бұл аймақтағы демократиялық процестерге кері әсерін тигізеді деп санайды. Себебі, маңындағы авторитарлық режимдер ендігі жерде қырғызды мысал етіп, елдегі азаматтық қоғамның прогресін кері шегіндіруі мүмкін деген болжамдар бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді