АҚШ пен Қытай ғалымдары төрт жыл уақыт жұмсап, Қытайдағы 20 мың адамның математика және шешендік қаблетін қаблеттеріне зерттеу жасай келе, ұзақ уақыт ластанған ауамен тыныстаған адамның таным қаблеті көрнекті дәреже де төмендейтінін дәлелдеп шықты. Олардың мәліметтеріне жүгінер болсақ, зерттеу Қытай қалаларында ғана жүрілгенімен, әлем қала тұрғындарының 80 пайызы ластанған ауада тыныстауда. Бұл туралы BBC агенттігі арнаулы хабар таратты.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарайтын болсақ, «жансыз жендет» аталатын ластанған ауа жылына 7 млн адамның жанын жалмайды екен. Яғни, ауаның ластануынан келіп шыққан ауырулар әр жылы осынша адамның көз жұмуына себеп болады.
Осыған дейін ластанған ауада дем алу тыныс жолы ауруларына шалдықтырады және адамның ерте қартаюы мен жасына жетпей алжып қалуына себеп болады делініп келген. Алайда, жаңа зерттеулер ауаның ластануынан келетін қатерлердің біз ойлағаннан да көп екенін көрсетті.
Кезекті зерттеуді ғалымдар 2010-2014 жылдар аралығында он жастан жоғары адамдар арасында 24 математикалық сұрақ, 34 танымдық сұрақ қою арқылы жүргізген. Нәтижесінде, лас ауада жасаған адамдардың барған сайын танымдық, ойлау қаблеттері төмендеп, білім-қабілеті әлсірейтіні белгілі болған .
Зерттеуге қатысқан ғалымның бірі Ши Чын сөзінде: «Көп жыл лас ауада жасаған адамның ақыл есі, бір жыл бойы алған білімін өздігінен жоғалтып жібергенмен бірдей дәрежеде кері әсерге ұшырайды», – деген.
Статистикалық мәліметтер бойынша, Алматы – Қазақстандағы ауа ластануы ең ауыр қала саналады. Оның басты себебі автокөліктердің көптігі деп көрсетілген. Тіпті, 2011 жылы Алматы әлемдегі ауыр ластанған 25 қаланың бірі болып тіркелген. Дегенмен, одан бері қаланың ауа тазалығын қорғау мақсатында атқарылған, көз сүйініп, көңіл көншитін шаралар болмады. Есесіне, қалада қайшалысқан көліктердің саны жылына 40 мың данамен көбейіп келеді.