Мьянманың қарулы күштері «геноцид» жасау мақсатымен Рохинджа мұсылмандарын жаппай өлтіріп, қуғын-сүргінге ұшыратты. Сонымен қатар, олардың бұл әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыс әрі әскери қылмыс ретінде бағалануы мүмкін.
2016-2017 жылдары Мьянмадағы оқиғаны жан-жақты зерттеген БҰҰ-ның өкілдері осындай қорытындыға келді. Олардың бұл туралы есептері бүгін, 27 тамызда жарияланды. БҰҰ-ның қорытындысына сәйкес, Мьянма әскерінің бас қолбасшысы мен бес генералы ауыр қылмыстары үшін жауапқа тартылулары керек. БҰҰ өкілдері өздерінің баяндамаларында Мьянма билігінің осындай әрекеті геноцидтің бес критерийінің төртеуіне сәйкес келеді деген. Себебі, оның арасында адам өлтіру әрекеттері, ақыл-ой және физикалық тұрғыдан күш көрсету, тұрғындар тобын жаппай құрту және бала туу жағдайларына кедергі жасау әрекеттері бар. Дәл осындай қысастық әрекеттері Рохинджа мұсылмандарының басына келген. Бұл — ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтарды жаппай немесе жартылай қырып-жоюға бағытталған. Сонымен қатар, БҰҰ баяндамасында Мьянманың азаматтық үкіметі Рохинджа мұсылмандарын қуғын-сүргінге ұшырату туралы құжаттарды жойып, елде оларға қатысты теріс пікір қалыптастырған.
Енді, осы баяндама БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі 18 қыркүйекте Женевада өтетін сессия аясында талқыланбақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы