АҚШ Қазына департаментінің өткен аптаның соңында мәлімдеме жасап, Оңтүстік Шығыс Азияда үш адамның қауіпті террорист ретінде анықталғанын, әрі олардың «Ислам мемлекеті» ұйымымен қатысы бар екенін айтты.
АҚШ Қазына департаментінің мәліметінде: "Малайзия азаматы Мухаммад Рафи Удан, индонезиялық Мухаммад әл-Калим Юсоп Файз және филиппиндік Мухаммад Реза Лахаман Гирам қатарлы үш адам 2016 жылы «Ислам мемлекеті» ұйымы таратқан үш тұтқынның басын кесу әрекеті түсірілген видеода бар екені анықталды", – делінген.
Қазына министрлігі аталған үш адамға толықтай қаржылық бұғаттау жасамақ және АҚШ-та арнайы анықталған жаһандық лаңкестер қатарына қосады.
Ал, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл үшеуін аталған айыптар бойынша террористік ұйымның мүшесі ретінде тіркеді. Оған қоса, БҰҰ-ға мүше елдерден олардың кез-келген бағыттағы сапарына тыйым салуды, мүлкін, қаражаттарын бұғаттауды, халықаралық қаржы жүйесін кіруіне жол бермеуді талап етті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы